Беларусьте «Гелендваген» мінген қазақстандық әйелге айыппұл салынды

Тәртіп сақшылары әйелдің жолаушыларды тасымалдау ережесін де бұзғанын анықтады.

Бүгiн 2026, 15:29
АВТОР
 threads.com/@glitchofthegalaxy Бүгiн 2026, 15:29
Бүгiн 2026, 15:29
232
Фото: threads.com/@glitchofthegalaxy

Беларусьте Threads қолданушысы көлігін тұраққа дұрыс қойылмаған қазақстандық «Гелендвагеннің» суретін желіге жүктеген. Бұл жарияланым Минск милициясының назарына ілікті.

Минскінің Первомай аудандық ішкі істер басқармасының Мемлекеттік автоинспекция бөлімі хабарлағандай, Қазақстан Республикасында тіркелген Mercedes маркалы автокөлік жол қозғалысы ережелерін бұза отырып, Тәуелсіздік даңғылындағы №72 ғимараттың жанындағы жаяу жүргіншілер жолына (тротуарға) қойылған. 

Осы көлік дәл солай "Замок" сауда орталығының паркингінде мүмкіндігі шектеулі жандардың көлік құралдарына арналған орынға да қойылған. Бөлім қызметкерлері жүргізушінің кім екенін жедел анықтады, ол Қазақстанның 32 жастағы азаматшасы болып шықты, – деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары әйелдің жолаушыларды тасымалдау ережесін де бұзғанын анықтады.

Көлік қозғалысы кезінде азаматша 2 жасар баланы арнайы орындықсыз, алдыңғы жолаушылар орындығына отырғызып тасымалдаған, – деп толықтырды автоинспекциядан.

Жіберілген заң бұзушылықтар үшін әйел заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда 500 мыңнан астам адамның айыппұлы кешірілетіні хабарланды

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх