Күләш Байсейітованың қызы қайтыс болды

5 Ақпан 2023, 11:08
6991
Бөлісу:
Күләш Байсейітованың қызы қайтыс болды
Фото: Instagram.com/abay.kaz.ntob/

Қанабек Байсейітов пен Күләш Бейсейітованың қызы Қарлығаш Қанабекқызы 83 жасына қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бүгін Алаштың бұлбұлы, қазақ операсының негізін қалаған Қанабек Байсейітов пен Күләш Бейсейітованың қызы 83 жасына қараған шағында өмірден озды. Қарлығаш Қанабекқызы өмірінің соңғы күндеріне дейін Қазақстанның кәсіби музыкалық өнері мен театрымыздың пайда болуы туралы баға жетпес тарихи деректермен жомарттықпен бөлісе отырып, ата-анасы жайлы естеліктерді жадында сақтады. Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының ұжымы отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Жарқын бейнеңізді, мейірімділігіңізбен шынайылығыңызды, айналаңыздағы адамдардың тағдырына және музыкалық өнердің тарихи мұрасына бей-жай қарамауы біздің жүрегімізде мәңгі жадымызда сақталады, - делінген театр таратқан хабарламада. 

Күләш Байсейітова (1912-1957) — қазақтың әйгілі әншісі (лирика-колоратуралық сопрано), қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері. КСРО халық әртісі (1936). КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1948-1949).

Қанабек Байсейтов (1905-1979) — әнші-актер, режиссер, драматург, Қазақ музыка театрының (қазіргі Қазақ опера және балет театрының) негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның халық артисі (1936), Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты болған.

Өзгелердің жаңалығы