Күдіктілер сотта Гаити президенті Жовенель Моизді не үшін өлтіргенін айтты

9 Шілде 2021, 17:28
3515
Бөлісу:
Күдіктілер сотта Гаити президенті Жовенель Моизді не үшін өлтіргенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Гаити президентінің өліміне қатысы бар деп танылған күдіктілер не себепті шабуыл жасағандарын түсіндірді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады. 

Ұсталғандардың арасында Джеймс Солаж және Жозеф Венсан есімді екі америкалық азамат болған. Олардың айтуынша, шабуыл кезінде президентті өлтіру ойларында болмаған. 
Олар аудармашы болып жұмыс істейді. Жалданған азаматтардың мақсаты президент Моизді өлтіру емес, оны тергеу судьясының санкциясы бойынша қамауға алу еді, - деді судья Клеман Ноэль. 
Ноэль тұтқындалғандардың көлігінен Гаити президентінің үйіндегі бейнебақылау камерасының сервері, қару-жарақ, ақша табылғанын мәлімдеді. Тұтқындалған Джей Солаждың айтуы бойынша ол Гаити жеріне 1 ай бұрын келген. Ал қалған қаскөйлер үш ай бұрын келгенін айтты. Тағы 11 күдіктіні құқық қорғау органдары Тайвань жерінде ұстады.

 Еске сала кетейік, 7 шілде күні белгісіз біреулер 53 жастағы Гаити президенті Жовенель Моиздің резиденциясына шабуыл жасап, оны өлтіріп кеткен болатын. Ал 8 шілдеде күдікті деп танылған 4 адам ату жазасына кесілді.

Өзгелердің жаңалығы