Белгісіз біреулер Гаити президентін өлтіріп кетті

7 Шілде 2021, 18:57
3096
Бөлісу:
Белгісіз біреулер Гаити президентін өлтіріп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгісіз біреулер Гаити президенті Жовенел Моизді түнде өз резиденциясында өлтіріп кетті, деп жазды Коммерсант. 

Шабуыл бүгін түнде жасалған. Қарақшылардың біразы испан тілінде сөйлегені белгілі болды. Елдегі ресми тіл гаитяндік  креольдік және француз тілі. 

Президенттің жұбайына бірнеше оқ тиіп, ауруханаға түсті.

Премьер-министрдің міндетін атқарушы Клод Жозеф уақытша мемлекет басшылығы қызметін өз қолына алғанын хабарлады. Сонымен қатар президентке жасалған шабуылға қатыгездік пен варварлық деген баға берді. Жозефтің айтуынша, Гаитидің жергілікті полициясы жағдайды бақылауда ұстап отыр. Қарақшылардың тұлғасы мен мақсаты әзірге белгісіз. 

Жовенель Моиз президенттікке 2017 жылдың ақпан айында тағайындалды. Ол халық дауысының 55,7%-ын жинады. Моиз бірнеше компанияның негізін қалады. Олардың қатарында энергетикалық Compagnie Hatienne d’Energie S.A мен ауылшаруашылық саласына қатысты Agritrans бар.

Өзгелердің жаңалығы