Құдды бір «әзірейіл» тәрізді сезінеді. Саиров басшыларды мейірімді болуға шақырды

14 Ақпан 2021, 16:36
2480
Бөлісу:
Құдды бір «әзірейіл» тәрізді сезінеді. Саиров басшыларды мейірімді болуға шақырды

Алматы, BAQ.KZ. Өкінішке қарай, адамдарды пандемияны пайдаланып, қасақана адамдарға кінарат тағу көбейіп барады. Бұл туралы ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров facebook-тегі парақшасында жазды.

Депутат адамгершілік пен қатыгездік жайлы жаза отырып, қазақта қай уақытта болмасын адамның жеке тағдырын адамгершілік тұрғысынан шешу тән болғанын жеткізді. 

Батыс юриспруденциясының «әрбір түсініксіз жағдай адамның пайдасына шешіледі» деген ұғымын қазақ қағазсыз-ақ шешкен. Бүгінде жан-жақта пандемияға байланысты көптеген мәселе шығып жатыр. Қысқарту, жұмыс уақытын шектеу көптеп кездеседі. Өкінішке қарай, адамдарды пандемияны пайдаланып, қасақана адамдарға кінарат тағу көбейіп барады. Ал енді әрбір тағдырға келгенде адамшылық, кешірімділік, кеңшілік тұрғысынан қарастыру тапшылығы бар. Басшы өзін, құдды бір «әзірейіл» тәрізді сезінеді, - деп жазды Саиров. 

Сондай-ақ ол адамға жасалған кішкентай кінәрат, үлкен зұлмат болып қайтатынын еске салды.

Жалғызбасты ана, жастар, жас жанұясы бар адамдарға келгенде адамгершілік, сүйіспеншілік тұрғысынан қарастыру өте маңызды. Жақсылық жасау, «жаманын жасырып, жақсысын асырған» сауап болады. Ата-бабамыз «Жас өспей ме, жарлы байымай ма» деп бекер айтпаған... Бұл қағидат баршамыздың (министр, директор, бизнес иесі) ойымызда болуы шарт..., - деп жазды ол.


Өзгелердің жаңалығы