Кубада жанармай бағасы бес есе қымбаттайды

10 Қаңтар 2024, 22:34
473
Бөлісу:
Кубада жанармай бағасы бес есе қымбаттайды
Фото: BAQ.KZ -архив

Кубада билік бензин бағасын бес есе көтеру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Келесі айдан бастап жанармайдың 1 литрі бір доллардан 7 долларға дейін көтеріледі. Бұл туралы елдің қаржы министрі Владимир Регеро хабарлады. 

Оның мәлімдеуінше, шара пандемия мен санкциялардан кейін ел экономикасын қалпына келтіру үшін қолға алынған. Үкімет бұдан бөлек наурыз айынан бастап электр энергиясының бағасы 25 пайызға көтерілетінін де ескертіп отыр.

Өзгелердің жаңалығы