ҚР Сауда және интеграция министрлігі де ЕАЭО-ға қатысты түсініктеме берді

5 Маусым 2021, 18:55
2480
Бөлісу:
ҚР Сауда және интеграция министрлігі де ЕАЭО-ға қатысты түсініктеме берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министрі Ж. Кушукова ЕАЭО мәселелері жөнінде түсіндірме берді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

ЕАЭО алаңында үшінші елдердің санкцияларына жауап ретінде қандай да бір ұжымдық шараларды қолдану мәселесі пысықталған жоқ және талқыланған жоқ. Оған қоса, мұндай мәселелер Еуразиялық одақтың құзыретіне мүлдем кірмейді және күн тәртібінде де жоқ. Қазақстан Республикасы ЕАЭО құрылған сәттен бастап осы бірлестік тек экономикалық сипатқа ие деген ұстанымды ұстанады. Біз одақ шеңберіндегі өзара қарым-қатынастарымызды саясаттандыруға және үшінші елдермен қарым-қатынастарымызға әсер етуі мүмкін шаралар қабылдауға түбегейлі түрде қарсымыз - делінген министрлік түсіндірмесінде.

ЕАЭО-ның жекелеген елдеріне қарсы қолданылатын санкциялар белгілі бір дәрежеде барлық мүше мемлекеттер экономикаларының жай-күйіне әсер ететіні түсінікті. Біздің мемлекеттеріміздің тығыз экономикалық байланыстарын ескере отырып, қазір ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің экономикасы үшін ЕАЭО-ның жекелеген елдеріне санкциялық ықпал етуден экономикалық салдарларды барынша азайтуға бағытталған ықтимал бірлескен шараларды әзірлеу мәселесі талқылануда.

ЕАЭО шеңберінде санкцияларға ұжымдық жауап шаралары, экономикалық қысым шаралары немесе шет мемлекеттермен өзара қарым-қатынастарға өзге де ықпал ету түрлері күн тәртібінде жоқ. Бұл Қазақстан Республикасының түбегейлі және өзгермейтін ұстанымы - деді вице-министр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР СІМ де түсініктеме берген болатын.

Өзгелердің жаңалығы