КҚК. Баламалы жол бар, бірақ жұмысы көп – Ақшолақов

25 Тамыз 2022, 17:21
1514
Бөлісу:
КҚК. Баламалы жол бар, бірақ жұмысы көп – Ақшолақов

Қазір біз үшін Каспий құбыр желісі консорциумының тұрақты жұмыс істеуі маңызды. Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстан мұнайын экспорттаудың келешегі туралы пайымын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Каспий құбыр консорциум жұмысының арқасында біз 54-55 млн тонна мұнай тасымалдаймыз. Бұл ауқымды жұмыс бір күнде не аптада басқа бағытта өзгеруі мүмкін емес. Каспий теңізі арқылы оңтүстік Әзербайжан, Кавказ елдеріне шығу жоспары бар. Бірақ ол қосымша ретінде қарастырылған. Ал КҚК-дағы мұнайдың басым көпшілігін тасымалдап отырмыз. Егер төте жол қарастырсақ, ол үшін жаңа құбыр салу қажет, жаңа инфрақұрылымдардың өндірісін жоспарлау керек. Сондай-ақ оны Каспий арқылы тасымалдайтын кемелер, яғни танкерлер керек болады. Екінші тараптағы елдің де инфрақұрылымы дайын болуы тиіс. Іске асыруға болады, бірақ ұзақ жұмыс. Айта кету керек, КҚК-ның тұрақтылығы ең маңызды мәселе, - деп түсіндірі Болат Ақшолақов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Энергетика министрі Болат Ақшолақов Каспий құбыр желісі консорциумының тұрақсыз жұмыс істеуі қандай да бір саяси мәселеге байланысты ма деген сұраққа жауап берген болатын. 

Өзгелердің жаңалығы