Каспий құбыр желісінің тоқтауының саяси себебі бар ма? Энергетика министрінің жауабы

25 Тамыз 2022, 14:57
2931
Бөлісу:
Каспий құбыр желісінің тоқтауының саяси себебі бар ма?  Энергетика министрінің жауабы
Фото: автордан

Жыл басынан бері Каспий құбыр консорциум жұмысы бірнеше рет тоқтатылды. Қазақстан мұнайының 80 пайызын экспорттайтын желінің істен шығуы көпті толғандырғаны анық, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәселенің себебі неде? Каспий құбыр желісінің тоқтауының саяси себебі бар ма? Дәліз жұмысы қашан тұрақтанады? Мұнай тасымалдайтын басқа да жолдар қарастырылып жатыр ма? Осы және өзге де мәселені Энергетика министрі Болат Ақшолақовтан сұрап білдік.

Каспий құбыр желісі консорциумының тұрақсыз жұмыс істеуі қандай да бір саяси мәселеге байланысты ма?

Мұнайшылардың ең бірінші мәселесі өндірілген өнімді нарыққа жеткізу. Ал егер ол қолымыздан келмейтін болса, онда ол кен орынның керегі не? Сол сияқты бәріміз бір саланың азаматтары болғаннан кейін мәселені жақсы түсінеміз. Алайда, соңғы кезде кейбір азаматтар құбырдың тоқтатылуын саяси себептермен байланыстырып жүр. Өз басым саясатты араластырмаймын. Бірақ бұл белгілі біреудің саясаты болатын болса, жылдың басынан-ақ тоқтатып тастайтын еді. Жылдың басынан қаншама мәселе шығып жатсада біз жұмысты тоқтатқан жоқпыз.

Сіз дәліздің істен шығуынының нақты себебі ретінде нені атар едіңіз?

КҚК - 2001 жылдан бері істеп жатқан инфрақұрылым. Әрине, 20 жылдай уақыттың ішінде  біраз зат тозады. Өздеріңізге мәлім, құбыр теңізде орналасқан. Теңіздің тұзды суында толқындар мен желдің де әсері бар. Мәселе көп негізі.  Қазір жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге бұл кезең әлемдегі геосаяси мәселенің шиеленіскен уақытымен сәйкес келіп отыр.

Құбыр жанынан жарылғыш заттар табылды деген ақпарат тарап еді...

Жарылғыш заттардың табылуы қалыпты. Ол бір ғасыр бұрынғы соғыстан және басқа зертеулерден қалған жарылғыш заттар. Қара теңіздің қай жерде орналасқанын білесіздер. Сонымен бірге ондай заттар теңіз суымен бірге көшіп жүреді. КҚК жұмысы жарылғыш заттарды іздеу және шығару жұмыстары жүргізіледі. Бұл күнделікті жұмыс. Қазір дүрбелең көп тудырып отыр.

Ресейдегі санкция басқа да себептерге байланысты КҚК бөлек мұнайды тасымалдайтын жолдарды қарастырып жатырсыздар ма?

Каспий құбыр консорциум жұмысының арқасында біз 54-55 млн тонна мұнай тасымалдаймыз. Бұл ауқымды жұмыс бір күнде не аптада басқа бағытта өзгеруі мүмкін емес. Каспий теңізі арқылы оңтүстік елдерге шығу жоспары бар. Бірақ ол қосымша қарастырылған. Ал КҚК-дағы мұнайдың басым көпшілігін тасымалдап отырмыз. Егер төте жол қарастырсақ, ол үшін жаңа құбыр, жаңа инфрақұрылымдардың өндірісін жоспарлау қажет. Сондай-ақ оны Каспий арқылы тасымалдайтын кеме керек болады. Екінші тараптағы елдің де инфрақұрылымы дайын болуы тиіс. Іске асыруға болады, бірақ ұзақ жұмыс. Айта кеткен жөн, КҚК-ның тұрақтылығы ең маңызды мәселе.

Уақыт бөліп, жауап бергеніңізге рахмет ! 

Өзгелердің жаңалығы