Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Көтайғақ және тұман: республика бойынша дауылды ескерту жарияланды

Бүгiн, 01:29
153
Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

Бүгін, 2 қаңтарда елдің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Астанада күндіз көктайғақ, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Облыстар бойынша жағдай:

Ақмола: батысы мен оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын, көктайғақ; батысы, солтүстігі және шығысында тұман; жел оңтүстік-шығыстан, екпіні 15-20 м/с.

Түркістан: кей уақытта тұман, таулы аймақтарда тұман күтіледі.

Маңғыстау: жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ; тұман; жел солтүстік-шығыстан, кейін солтүстік-батысқа, екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан: тұман, көктайғақ; Оралда тұман мен көктайғақ.

Жамбыл: таулы аймақтарда қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ; тұман; жел 15-20 м/с.

Жетісу, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Абай, Қызылорда, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Павлодар, Қостанай, Қарағанды: кей аймақтарда қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман; желдің екпіні 15–20 м/с.

Жел: облыстарда бағыты өзгеріп, кей жерлерде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Халыққа қауіпсіздік шараларын сақтауды, жолға шыққанда абай болуды ұсынамыз.

Өзгелердің жаңалығы