Қостанай облысы тұрғын үйді пайдалануға беру қарқыны бойынша республикада 3-орында – Мұхамбетов

11 Қараша 2021, 13:07
1032
Бөлісу:
Қостанай облысы тұрғын үйді пайдалануға беру қарқыны бойынша республикада 3-орында – Мұхамбетов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов әкімдік отырысын өткізіп, «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысымен танысты.

Аймақ басшысының айтуынша, биыл «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасын іске асыру шеңберінде облыс бойынша барлық қаржыландыру көзі есебінен 449 мың шаршы метр тұрғын үй салынады, бұл - шамамен 4 мың пәтер. Өңірлер бойынша Қостанай облысы тұрғын үйді пайдалануға беру қарқыны бойынша республика бойынша 3-орында.

Қостанай облысы тұрғын үйді пайдалануға беру қарқыны бойынша республикада 3-орында – Мұхамбетов

Жиын барысында ауылдық жерлерді сумен жабдықтау жобаларының іске асырылу мәселесі де қарастырылды.

Мемлекет басшысы 2025 жылға дейін ауылдық елді мекендерді 100% сапалы ауызсумен қамтамасыз ету міндетін қойды. Сумен жабдықтау саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың арқасында осы бағыт бойынша жағдай жыл сайын жақсарып келеді. Биыл халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы және «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында облыс бойынша 32 жоба іске асырылуда, оларға 9,7 млрд теңге бөлінді. Бүгінгі күні облыс бойынша 520 ауылда бар, оның 292 ауыл немесе 56,2% сумен қамтамасыз етілген, қалған 228 ауыл орталықтандырылмаған көздерден алынған суды және тасымалданатын суды пайдаланады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша 9,9 мың адам тұратын 19 ауыл сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз етілетін болады, - деді Архимед Мұхамбетов. 
Бұдан әрі нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2021 жылы микрокредит беруді іске асыру қорытындылары қарастырылды.

Биыл облыс бойынша шағын және орта бизнес субъектілерін шағын несиелендіруге 1 млрд теңге бөлінген.
Нәтижесінде, 2021 жылдың қорытындысына сәйкес, жоспар бойынша 172 стартап жоба құрылған. Оның ішінде 136 жоба мал өсіруге бағытталған. Осы орайда 339 жаңа жұмыс орны құрылған.

Қостанай облысы тұрғын үйді пайдалануға беру қарқыны бойынша республикада 3-орында – Мұхамбетов

Қала және аудан әкімдеріне тұрғын үйді пайдалануға беру, ауылдық жерлерді сумен жабдықтау жобалары бойынша жоспарланған көрсеткіштің орындалуын бақылауда ұстауды, сондай-ақ жастар арасында жас мамандар мен 29 жасқа дейінгі жұмыссыз азаматтарды бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына тарту бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз етуді тапсырдым, - деді облыс әкімі.
Өзгелердің жаңалығы