Көшпелі оркестр елордалық ардагерлерді құттықтады

9 Мамыр 2023, 21:15
756
Бөлісу:
Көшпелі оркестр елордалық ардагерлерді құттықтады
Фото: Мұхтар Холдорбеков/ҚазАқпарат

Көшпелі оркестр елордада тұратын Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерін Жеңіс күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін ардагерлердің құрметіне Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясының үрмелі аспаптар оркестрі көшпелі концерт ұйымдастырды. Атап айтқанда, өнер ұжымы майдангерлердің үйінің ауласында әскери-патриоттық әндерді орындады.

Биыл 98-ге келіп отырмын. Мен 1925 жылы 10 наурызда дүниеге келгем. Бүгінде 9 немерем, 19 шөберем бар. Солардың ортасында жүріп жатырмын. Сендер, жастар аман болыңдар! Сендердің құрметтеріңді көріп, 98 емес, 25-ке келгендей болып отырмын. Мен үш соғысты бастан өткердім. Германия, АҚШ-Корея және Жапониядағы майданға қатыстым. 17 жасымда соғысқа аттанып, содан 23 жасымда елге аман-есен оралдым, - деді ардагер Жақан Сейсебаев.

Арнайы ұйымдастырылған концертте шырқалған әндер ардагерлердің біріне сол сұрапыл кездерді еске салса, енді бірі егде жасына қарамастан, музыканың ырғағына ілесіп билей бастады.

Сол жылдардағы әуендерді естігенде, менің кеудемді қуаныш сезімі кернейді. Бұл әндерді кезінде өзім де орындаған едім, - деп еске алды елордалық ардагер Владимир Дровосеков.

Өзгелердің жаңалығы