Көші-қон қызметіндегі ұзын-сонар кезек. Шетелдіктер пікір білдірді

17 Сәуір 2024, 12:52
2972
Бөлісу:
Көші-қон қызметіндегі ұзын-сонар кезек. Шетелдіктер пікір білдірді
Фото: автордан

Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі Көші-қон қызметінің алдында кезекте тұрған шетелдік азаматтармен тілдесті.

Әлеуметтік желіде Алматы қаласындағы Көші-қон қызметінің алдында шетелдіктер ұзын-сонар кезекте тұрғаны жайлы бейнежазба тарады. Мұның себебін анықтау үшін біз Алматы қаласының ХҚКО-сына сұрау жіберген болатынбыз.

Көші-қон қызметіндегі ұзын-сонар кезек. Шетелдіктер пікір білдірді

Бүгін бейнежазбада көрсетілген Жетісу аудандық Көші-қон қызметіне барып, жағдайды өзіміз тексеріп көрдік. Ғимарат алдында кезекте тұрған шетелдік азаматтарды кездестірмедік. Дегенмен КҚҚ ішінде қолына құжат ұстаған азаматтар көп болды. Осы орайда, Жетісу аудандық ҚК орталығына келген шетелдік азаматтармен тілдестік. Олардың айтуынша, мереке қарсаңында кезек күтіп қалатын жағдайлар болады. Алайда бұл таңғаларлық жағдай емес. 

Көші-қон қызметіндегі ұзын-сонар кезек. Шетелдіктер пікір білдірді

Қалада шетелдік азаматтар өте көп. Сол себептен кезекте көп болып жатыр. Біз үшін бұл қалыпты жағдай. Адамдар мұнда жұмыс күнінде келсе, үлкен кезек болмас еді. Сондай-ақ қазір - көші-қон уақыты. 1 айдан кейін адамдар саны азаяды. Мерекеден кейін барлығымыз КҚК-ға келдік. Мәселен менің Қазақстанда жүруіме 5 күн берілген. Әр 5 күн сайын көші-қон қызметіне келіп, құжаттарымды реттеймін. Бұл жерде мен секілді бір апталық құжатпен жүргендер көп. Барлығымыз апта сайын келіп, тіркеліп не болмаса азаматтық аламыз. Кезек қалыпты жүріп жатыр, адамды көп ұстамайды. Мен бауырларымды ертіп таң атпай, жұмыс күнінде келдім де құжатымды жасап алдым. Енді әрі қарай жұмысымды алаңсыз атқарып, елде еркін жүре аламын, - дейді шетелдік азамат.

Көші-қон қызметіндегі ұзын-сонар кезек. Шетелдіктер пікір білдірді

Өзбекстан азаматтарын өз үйіне тіркеп жүрген азаматтың сөзінше, КҚҚ-да жұмыс қалыпты. Кейде түске дейін кезекке тұратын кездері болады. 

Менің үйіме 5 өзбек азаматы келген. Сол кісілерді тіркейін деп жатырмын. Сондықтан түске дейін күтіп қалып жатқан жайымыз бар. Ешқандай мәселе жоқ. КҚҚ қызмет көрсетіп жатыр. Қызметкерлерге рахмет. Қаншама адамды қабылдап, жұмыс істеп жатыр. Кезек сыртқа шығып кететін кездер болады. Себебі қалада шетелдік азаматтар өте көп, әрі тұрғындарға қызмет көрсету де осы жерде жүріп жатыр, - дейді қала тұрғыны.

Көші-қон қызметіндегі ұзын-сонар кезек. Шетелдіктер пікір білдірді

Жетісу аудандық КҚҚ-да екінші күн қатарынан келген шетелдік азаматтар да бар. 

Мен КҚҚ екінші күн келіп отырмын. Кеше 70-ке жуық адам келген еді, ал бүгін одан да көп. Қызмет өте тез жүріп жатыр. Менің КҚҚ-ға келуім бірінші рет емес. Кезегімді күтіп, қызметімді уақытылы аламын, - дейді шетелдік азамат.

Бұл ретте Жетісу аудандық КҚҚ қызметкерлері Халыққа қызмет көрсету орталығының баспасөз қызметінің жауабымен шектелетінін айтып, пікір беруден бас тартты.

Көші-қон қызметіндегі ұзын-сонар кезек. Шетелдіктер пікір білдірді

Айта кетейік, Жетісу ауданының КҚҚ мен ХҚК орталығы қазір бір жерде орналасқан. ХҚКО баспасөз қызметінің хабарлауынша, Көші-қон қызметтері орталығының филиалына қазіргі уақытта жаңа мекенжай қарастырылып жатыр. Филиалдың бұрынғы мекенжайы ауысуына Парламент Мәжілісінің депутатының хаты себеп болған. Жаңа ғимарат іздестіріліп жатқан уақыт аралығында Жетісу ауданының КҚҚ-сына жүгінген шетелдік азаматтардың саны көбейген.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, кеше Алматыда көші-қон қызметі мекемесінің алдында ұзыннан ұзақ кезекте тұрғандардың видеосы тараған болатын.

Өзгелердің жаңалығы