"Қорқатын ештеңе жоқ": Көші-қон қызметіндегі ұзын-сонар кезектің себебі түсіндірілді

16 Сәуір 2024, 13:27
1179
Бөлісу:
"Қорқатын ештеңе жоқ":  Көші-қон қызметіндегі ұзын-сонар кезектің себебі түсіндірілді
Фото: BAQ.KZ Видеодан скриншот

Алматының Жетісу ауданында Көші-қон қызметтіне тіркелуге келгендердің кезегі сыртқа шығып кеткен, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желілерде өзге ел азаматтарының Жетісу ауданының КҚҚ-да кезекте тұрған бейнежазбасы тарады. Аталған жағдайға Алматы қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығының баспасөз қызметі жауап берді.

ХҚКО баспасөз қызметінің хабарлауынша, Көші-қон қызметтері орталығының филиалына қазіргі уақытта жаңа мекен-жай қарастырылып жатыр. Филиалдың бұрынғы мекен-жайы ауысуына Парламент Мәжілісінің депутатының хаты себеп болған. Жаңа ғимарат іздестіріліп жатқан уақыт аралығында Жетісу ауданының КҚҚ-сына жүгінген шетелдік азаматтардың саны көбейген.

 Алматы қаласы бойынша Халыққа қызмет көрсету бойынша 13 бөлім жұмыс істейді, оның ішінде Көші-қон қызметтері орталығы да бар. Қазіргі уақытта КҚО Жетісу ауданы, Серіков көшесі 6А мекенжайындағы Жетісу аудандық ХҚО ғимаратында орналасқан. Бұдан бұрын КҚО Түрксіб ауданы «Қайрат»  шағынауданы, 181-182 мекенжайы бойынша  к.2 ғимаратында өтеусіз негізде орналасқан. Бұл ғимарат «A-ClassMed»  ЖШС-ның  теңгерімінде  көрсетілген, КҚО үшін бөлінген үй-жай 680 шаршы метр аумақты алып жатыр. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутатынан 2023 жылғы 05 шілдеде Алматы қаласының Көші-қон қызметтері орталығының  ыңғайсыз  орналасуы  туралы келіп түскен № 01-37-10/45 хатқа сәйкес, филиал 2023 жылғы 20 қазанда бөлімнің орналасқан жерін «Шұғыла» ықшамауданы, 347/2 мекенжайындағы ғимаратқа ауыстыруды жоспарлады. Ол «Алматы қаласының мемлекеттік активтер басқармасы» КММ теңгерімінде, – деп жауап берді Алматы қаласының ХҚКО баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Халыққа қызмет көрсету орталығының байланыс бөлімі жаңа Көші-қон қызметіне жаңа ғимаратқа көшуі неліктен созылып кеткенін түсіндірді.

Үй-жайдың жалпы ауданы 494,2 шаршы метр, алайда қазіргі уақытта Алматы қаласының мемлекеттік активтер басқармасы аталған ғимаратта  КҚО орналастыруына рұқсат бермей отыр. Филиалмен Алматы қаласы әкімінің аппаратына 2023 жылғы 28 шілдеде № 03-02-13-13/19653 және Алматы қаласы бойынша Наурызбай ауданының әкіміне  2023 жылғы 17 қазанда №03-02-20-15/29154 және еңбекші көшіп келушілерге қызмет көрсету үшін ғимарат іздеуге жәрдем көрсету жөнінде  хат жолданды. Алайда  әзірге жауап жоқ. Қазіргі уақытта филиал қолайлы үй-жайларды іздеу жұмыстарын жүргізуде, – деп хабарлайды Алматы қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы.

Өзгелердің жаңалығы