Коронавирусты әлі бақылауда ұстап отырмыз - министр

9 Қаңтар 2024, 10:43
438
Бөлісу:
Коронавирусты әлі бақылауда ұстап отырмыз - министр
Фото: Үкімет

Республикада коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният үкімет отырысында осылай деді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Соңғы 6 ай ішінде республикада ай сайын 100-ден 400-ге дейін жағдай тіркелді, бұл коронавирустың жыл бойына таралып отыратынын растайды. Өткен жылы республикада COVID-19-ның 12 121 жағдайы тіркелді, – дейді министр.

Оның сөзінше, 2023 жылды алдыңғы жылмен салыстырғанда сырқаттану 35 есе төмендеді.

Өткен жылы халықтың осал топтарын COVID-19-ға қарсы ревакцинациялау жалғасты, 350 мыңнан астам адам ревакцинацияланды. 2023 жылғы желтоқсанда Қазақстанда тек Омикрон штамының айналымы расталды, оның ішінде Омикрон (Арктур) нұсқасы – 52%, Эрис – 2%, Омикронның басқа нұсқалары – 46% тиесілі. Стационарларда өткен жылы COVID-ы бар 4 мыңға жуық пациент емделді, – дейді Ажар Ғиният.

Өзгелердің жаңалығы