Коронавируспен күреске бөлінген 100 млрд теңге қайда жұмсалады?

15 Шілде 2022, 17:23
1320
Бөлісу:
Коронавируспен күреске бөлінген 100 млрд теңге қайда жұмсалады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Ажар Ғиният мәлімдеді. 

Биыл коронавирус инфекциясымен күреске 100 млрд теңге жоспарланған. Бұл вакцина сатып алуға, пациенттерді емдеуге жоспарланатын қаражат. Сонымен қатар аса қауіпті жағдайда жұмыс істейтін медицина қызметкерлеріне қосылатын үстемеақы осы қаржыдан есептеледі, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Министр бұл бюджет былтырғымен салыстырғанда алты есе аз деп отыр. Сондай-ақ еліміздің бас дәрігері коронавирустың өршуіне байланысты сақтық шараларын сақтауға шақырды. 

Сырқаттанудың көтерілуін ескере отырып, аладын алу шараларын сақтау керек екенін тағы да халықтың есіне салғым келеді. COVID-19-ға қарсы вакцинацияның немесе қайта вакцинацияның толық курсын уақтылы алу; науқастармен байланыста болған жағдайда қоғамдық орындарда, көлікте,  масканы пайдалану; жабық үй-жайларда адамдар көп жиналатын орындарға бармау; бөлмені үнемі желдету; қолды сабынмен жиі жуу; науқас адамдармен қарым-қатынас жасамау; жөтелу және түшкіру кезінде бір рет қолданылатын салфетканы қолдана отырып, мұрын мен ауызды жабу; көзді, мұрынды және ауызды кір қолмен ұстамау, - деді Ажар Ғиният. 

Өзгелердің жаңалығы