Коронавирус. АҚШ сенаторлары ауыра бастады

3 Қазан 2020, 21:54
1255
Бөлісу:
Коронавирус. АҚШ сенаторлары ауыра бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус жұқтырғаны расталған АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтондағы Уолтер Рид атындағы ұлттық әскери-медициналық орталыққа жатты.

3 қазан күні Ақ басшысымен бірге Республикалық партияның өзге де мүшелерінің инфекция жұқтырғаны хабарланды. Бұл жағдай Жоғарғы сот судьясын тағайындау мәселесіне әсер етуі ықтимал. Республикалықтар судья Гинзбургтың өлімінен кейін пайда болған бос орынды сайлауға дейін толтыруға асығып отыр.

Дональд Трамп ауруханаға Ақ үйден тікұшақпен барды. Ол ауырғаны белгілі болғалы алғаш рет жұрт алдына шықты, бірақ журналистермен сөйлесуден бас тартты.

Трамппен республикашыл сенаторлар да ауыра бастады. Солтүстік Каролина штатынан сайланған сенатор Том Тиллис пен Юта штатынан сайланған сенатор Майк Лидің коронавирус жұқтырғаны 2 қазан күні белгілі болды. Олар 10 күн карантинде болады.

Бұл екі сенатор 26 қыркүйек күні өткен Жоғары сот судьялығына үміткер ұсыну рәсіміне қатысқан. Ақ үйде өткен рәсім кезінде Дональд Трамп судьялыққа Эми Кони Барретті ұсынатынын айтқан. Вирус жұқтырды деген сенаторлар содан бері көптеген адаммен, соның ішінде Барреттпен де, кездесіп үлгерген. Олар инфекцияны өзгелерге жұқтырған болуы мүмкін деген алаңдаушылық пайда болды.

Айта кетейік, кеше Дональд Трамптың індет жұқтырғанын естіген Қасым-Жомарт Тоқаев оның коронавирустан тезірек сауығып кетуіне тілектес екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы