Коронавирус жұқтырған Трамп ауруханаға жатқызылды

3 Қазан 2020, 10:06
2034
Бөлісу:
Коронавирус жұқтырған Трамп ауруханаға жатқызылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус жұқтырған АҚШ президенті Дональд Трамп Мэриленд штатында орналасқан Walter Reed әскери ауруханасына (Walter Reed National Military Medical Center) жатқызылды.

Бұл туралы РБК сайтында хабарланды.

Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл дәрігерлердің ұсынымы бойынша басқаларға жұқтырудың алдын алу мақсатында жасалды. Трамп аурухана кеңсесінде жұмысын жалғастырып жатыр.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кейли Макинэнидің айтуынша, президентке Regeneron компаниясының коронавирустық инфекцияға қарсы антиденелері салынды. Бұдан бөлек, мемлекет басшысы цинк, D дәрумені, фамотидин, мелатонин және аспирин қабылдап жатыр. 

Президент дәрігері Шона Конлидің айтуынша, Трамп тез шаршайды, бірақ оның көңіл-күйі жақсы. 

Коронавирус жұқтырған Мелания Трампты жөтел мен бас ауруы мазалайтын көрінеді. 

Айта кетейік, кеше Дональд Трамптың індет жұқтырғанын естіген Қасым-Жомарт Тоқаев оның коронавирустан тезірек сауығып кетуіне тілектес екенін айтты.


Өзгелердің жаңалығы