Коронавирус. Індет жұқтыру 33 есеге төмендеген

18 Наурыз 2022, 15:02
1515
Бөлісу:
Коронавирус. Індет жұқтыру 33 есеге төмендеген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады. 

Оның айтуынша, министрлік Мемлекет басшысының елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру, сондай-ақ карантиндік шараларды қайта қарау және жеңілдету бойынша берілген тапсырмаларын орындаған.

Бүгінгі таңда  күніне орташа есеппен шамамен 100 жағдай тіркеледі, бұл жақсы нәтиже. Жалпы Қазақстанда наурыз айында ақпандағы ұқсас кезеңмен салыстырғанда сырқаттану 33 есеге төмендеді. Атап айтқанда, 73119 жағдайдан  2217 жағдайға дейін төмендеді. Репродуктивті саны – 0,77 және 3 есеге азайды, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Сонымен қатар министр індет басталғалы бері қанша жағдай тіркелгеніне тоқталды. 

Пандемия басталғаннан бері коронавирус инфекциясы расталған 1 304 767 жағдай және коронавирус инфекциясы расталмаған 88 519 жағдай, оның ішінде жыл басынан бері коронавирус инфекциясы расталған 316 454 жағдай және коронавирус инфекциясы расталмаған 4 314 жағдай тіркелді, - деді еліміздің бас дәрігері.

Өзгелердің жаңалығы