Коронавирус еліміздің барлық өңірінде көбейіп жатыр – Ажар Ғиният

4 Тамыз 2022, 15:18
1136
Бөлісу:
Коронавирус еліміздің барлық өңірінде көбейіп жатыр – Ажар Ғиният

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Сонымен қатар министр әлемдегі эпидемиологиялық ахуалға тоқталды. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша соңғы аптада 3 өңірде сырқаттанудың өсуі байқалады. Шығыс Жерорта теңізі елдерде 45%-ға, Тынық мұхиты теңізінің Батыс бөлігінің елдерінде 52%-ға, Оңтүстік шығыс Азия елдерінде 13%-ға дейін өсті. Cоңғы аптада әлемнің 69 елінде сырқаттанудың өсуі байқалады. Оның ішінде Ресейде 68%-ға (43 мың жағдайдан 73 мың жағдайға дейін), Венгрияда 40%-ға (10 мың жағдайдан 14 мың жағдайға дейін), Грузияда 20%-ға (8 мыңнан жағдайдан 10 мың жағдайға дейін), Польшада 13%-ға (16 мың жағдайдан 18 мың жағдайға дейін) өскен, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Айтуынша, елімізде де сырқаттанушылық артып отыр.

Республикамызда коронавирус инфекциясымен сырқаттанудың өсуі байқалады. Соңғы екі аптада алдыңғы екі аптамен салыстырғанда ауырған адамдардың саны 10 714 жағдайдан 34 550 жағдайға дейін, яғни 3,2 есеге өсті.  Өсу барлық өңірде байқалады. Бағалау матрицасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы сары аймақта, Республикамыз және қалған өңірлер жасыл аймақта тұр. Тәулігіне КВИ оң нәтижесімен 3000 жағдайға дейін және КВИ теріс нәтижесімен 20 жағдайға дейін тіркеліп отыр, - деді Ажар Ғиният. 

Өзгелердің жаңалығы