Коронавирус. Елімізде қандай карантиндік шектеу шаралары алынып тасталды?

18 Наурыз 2022, 16:28
3141
Бөлісу:
Коронавирус. Елімізде қандай карантиндік шектеу шаралары алынып тасталды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады. 

Елдегі қолайлы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ведомствоаралық комиссия бизнес үшін де, халық үшін де бірқатар шектеулерді алып тастау бойынша шаралар қабылдады. Өңірлерде «сары» және «жасыл» аймақтардағы барлық объектілерден эпидемиологиялық шектеу шаралары алынды, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Соның ішінде: 

  • «Ashyq» мобильді қосымшасын міндетті түрде қолдану;
  • әлеуметтік қашықтықты сақтауға қойылатын талаптар;
  • міндетті термометрия;
  • эпидемиологиялық қауіпті барлық аймақтарда ашық ауада маскаларды міндетті түрде кию;
  • COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған қызметкерлер үшін барып жұмыс істеуге рұқсат беруді шектеу шаралары (қызмет көрсету саласының объектілері).

           Сондай-ақ, ауру белгілері болмаса:

          • пациенттерден, сондай-ақ жүкті әйелдерден, науқас баламен бірге медициналық ұйымдарға жатқызылатын адамдардан;

          •  гемодиализдегі пациенттерден;

          • жүкті әйелмен бірге босануға қатысатын адамдардан; 

          • мерзімді әскери қызметтен кейін әскери қызметтен босатылған адамдардан; 

          • ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдарға ұзақ мерзімді кездесуге келетін туыстарынан ПТР сынағы  талап етілмейді.

Сонымен қатар объектілердің қызметіне қойылатын талаптар жеңілдетілді. Автосалондар, автобөлшек дүкендері мен техникалық қызмет көрсету станциялары, халыққа қызмет көрсету объектілері (типографиялық қызметтер көрсететін объектілер, тігін ательесі, аяқ киім шеберханалары, аяқ киім, киім жөндеу сервисі), маусымдық ауыл шаруашылығы егіс жұмыстарына, табиғатты қорғау, ветеринариялық, ауыл шаруашылығы іс-шараларына тартылған ұйымдар мен қызметкерлерден халықтың арасында инфекцияның таралу қаупін азайту жөніндегі қызметтер көрсету объектілері қызметінің алгоритмдері алып тасталды, жеке құрам арасында COVID‑19, спорттық жарыстар өткізуге күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режим, медицина қызметкерлерінің іс-қимыл, егу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға бару, экскурсиялық қызметті жүзеге асыру, мұз қалашықтарының жұмысын ұйымдастыру, ойын-сауық парктерінің, аквапарктердің жұмысы, лотерея клубтары мен лотерея билеттерін сату жөніндегі өзге де объектілердің шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде букмекерлік кеңселердің жұмысы бойынша шаралар қабылданатын болады.

Өзгелердің жаңалығы