Коронавирус. Елдегі карантин мерзімі неліктен қысқартылды?

25 Қаңтар 2022, 17:07
1313
Бөлісу:
Коронавирус. Елдегі карантин мерзімі неліктен қысқартылды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағайымы Айжан Есмағамбетова хабарлады. Оның айтуынша, мұндай шешімге коронавирус инфекциясының жаңа штамы – «Омикронның» ауру ағымының жылдамдығы себеп болған.

Коронавирус инфекциясының «Омикрон» штамының ауру ағымының ерекшелігін ескере отырып, халықаралық тәжірибеге сүйеніп, карантин мерзімін 14 күннен 10 күнге қысқартылды. Сонымен қатар 7 тәуліктен кейін ПТР-зерттеудің теріс нәтижесі болғанда карантин аяқталады. Егер қандай да бір себептермен 7 тәулікке арналған ПТР-сынама тапсырылмаса, онда  тестті қосымша тапсырусыз карантин 10-шы күні аяқталады, - деді ведомство басшысы.  

Сонымен қатар комитет басшысы пандемияның бүкіл кезеңін салыстырғанда алғаш рет жағдайлардың тәуліктік тіркелуі 16 мыңнан асқанын алға тартты. Бұл «Омикрон» нұсқасының өте жоғары жұқпалығына және таралу жылдамдығына байланысты деп отыр.

Бүгінгі таңда Түркістан облысын қоспағанда, бүкіл ел «қызыл» аймақта. Республика бойынша соңғы аптада коронавирус инфекциясымен сырқаттану деңгейі 1,5 есе өсті.

Өзгелердің жаңалығы