Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл мәліметті Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы өз сайтында жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Зерттеу негізінен осы ұйымға кіретін дамыған елдерде жүргізілген. Есеп авторларының айтуынша, экономикасы мықты мемлекеттердегі еңбек нарығы әзірге жартылай ғана қалпына келген. Көп жағдайда жастар мен біліктілігі төмен қызметкерлер әлі жұмыс таба алмай жүр. Жұмыссыздық, әсіресе, туризм мен қызмет көрсету саласында жоғары.
Жұмыспен қамту көрсеткіші 2023 жылға дейін індет алдындағы деңгейге де жетпейді. Біздің ұйымға мүше елдердің үштен екісі бюджет қаржысын көбейтті. Бірақ сонда да еңбек нарығындағы сұранысты толтыруға бұл ақша жетпей жатыр. Адамдарды қайтадан кәсіби дайындықтан өткізу қажет. Себебі көптеген жұмыстар жаңа талаптарға жарамсыз болып қалған, – дейді ЭЫДҰ Бас хатшысы Матиас Корманн.
Оқи отырыңыз: