Корея президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

31 Мамыр 2023, 15:18
976
Бөлісу:
Корея президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Келесі жылы Корея Республикасының президенті Юн Сок Ёль елімізге ресми сапармен келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Корея мен Қазақстанның Сыртқы саяси ведомство басшылары кездесуінің қорытындысы бойынша елордада өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

2021 жылғы тамызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Оңтүстік Кореяға мемлекеттік сапары соның айқын дәлелі. Сапар барысында екіжақты қарым-қатынастарымыз кеңейтілген стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілгені белгілі. Басқа сөзбен айтсақ, біз жаңа заманда, жаңа сапалы қатынастар орнаттық, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сондай-ақ ол екі ел арасында мазмұнды да тұрақты саяси сұхбат орнатылған деп отыр.

Әріптесіммен келесі жылы Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль мырзаның Қазақстанға сапарын ұйымдастыруға және оны жоғары деңгейде өткізуге күш жұмылдыруға сөз байластық. Сонымен қатар Үкімет пен Парламент мүшелерінің сапарларын өткізу саяси диалог пен ықпалдастықты нығайту тұрғысынан маңызды екені туралы ортақ пікір қалыптасқаны қуантарлық жайт, - деді министр.

Еске сала кетейік, бұған дейін елімізге ресми сапармен келген Кореяның сыртқы істер министрі Пак Чжин қазақ тілінде сөйлегені туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы