Корея министрі қазақша сөйледі

31 Мамыр 2023, 15:07
1326
Бөлісу:
Корея министрі қазақша сөйледі
VIDEO
Фото: автордан

Елімізге ресми сапармен келген Кореяның сыртқы істер министрі Пак Чжин қазақ тілінде сөйледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ең алдымен Премьер-Министрдің орынбасары Нұртілеу мырзаға және Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстанға ресми сапармен келуіме себепші болып, елге шақырғаны үшін, және мені және Корея делегациясын жылы лебізбен қарсы алып, шынайы ықыласпен қабылдағаны үшін шын жүректен алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер.Екіжақты қарым-қатынастардың жаңа 30 жылдығының бірінші жылында Қазақстанға келгенім үшін, ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Нұртілеу мырзамен бірге екі ел арасындағы «стратегиялық серіктестікті» күшейту жөніндегі шараларды егжей-тегжейлі талқылай алғанымыз үшін қуанышым шексіз, - деді Пак Чжин Корея мен Қазақстанның Сыртқы саяси ведомство басшылары кездесуінің қорытындысы бойынша елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздігін алған күннен бастап саясат, экономика, әлеуметтік сала және салаларда мемлекеттің дамуында елеулі табыстарға қол жеткізді деп баға берді.

Осыдан 86 жыл бұрын елімізге келген корейліктердің 119 мыңнан астам ұрпағы қазіргі таңда біздің қоғамның ажырамас бөлігі, Тәуелсіздігіміз бен дамуымызға бір кісідей атсалысып жүрген белсенді азаматтар. Осының бәрі Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы достық пен стратегиялық әріптестіктің іргетасын нығайтуға септігін тигізуде. Осы орайда, Министр Пак Жинге және Оңтүстік Корея Сыртқы істер министрлігінің делегациясына елімізге ресми сапармен келгені үшін тағы да алғыс айтамын. Оңтүстік Кореямен достыққа, өзара сенім мен конструктивтікке негізделген әріптестікті дамыту – еліміздің сыртқы саясатындағы маңызды басымдықтардың бірі, - деді Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу.

Еске сала кетейік, Кореяның сыртқы істер министрі елімізге екі күндік ресми сапармен келді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда Пак Чжинмен кездеседі деп жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы