Конор Макгрегор мен Дастин Порьенің арасында төртінші жекпе-жек өте ме?

12 Шілде 2021, 10:48
2159
Бөлісу:
Конор Макгрегор мен Дастин Порьенің арасында төртінші жекпе-жек өте ме?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. UFC президенті Дана Уайт турнирден кейінгі баспасөз конференциясында Ирландиялық аралас жекпе-жек шебері Конор МакГрегор мен Америкалық Дастин Порьенің төртінші кездесуінің өтетінін жоққа шығармады.

Оның айтуынша, бұл ұрыстың соңы бұлай аяқталмауы керек.

Бұл кездесудің соңы емес.Бұндай жекпе-жекті мәресі деп есептеуге келмейді.Конор МакГрегордың жарақатынан қашан айығатыны белгісіз.Ол өз есесін қайтарары анық. Порье белдік үшін күресуді жалғастыра береді. Менің ойымша, олардың текетіресі бұнымен аяқталмайды, - деді ол.

Еске салайық, Конор мен Порье октагонда үшінші рет айқасып отыр. 2014 жылы МакГрегор нокаутпен жеңсе, биылғы жылдың басында Дастин Порье нокаутпен есесін қайтарған еді. 11 шілде күні өткен UFC 264 турнирінде бірінші раундында сәтсіз қадамдар жасаған МакГрегор аяғынан жарақат алды. Спортшының жағдайын тексерген дәрігерлер жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болған. Нәтижесінде америкалық ММА шебері техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Өзгелердің жаңалығы