Конгода Эбола індеті өршіп тұр: 200-ге жуық адам көз жұмды

Гуманитарлық ұйымдар Конго Демократиялық Республикасында Эбола вирусының таралуы тоқтамай отырғанына алаңдаушылық білдіруде. KNA агенттігінің мәліметінше, 2026 жылғы 14 маусымдағы жағдай бойынша Итури, Солтүстік Киву және Оңтүстік Киву провинцияларында 808 адамнан Эбола анықталған. Оның 192-сі көз жұмған. Өлім-жітім көрсеткіші 23,8 пайызды құрап отыр.

 freepik.com Бүгiн 2026, 04:55
Бүгiн 2026, 04:55
235
Фото: freepik.com

Конго Демократиялық Республикасының үш провинциясында Эбола безгегін жұқтырғандар саны артып келеді. Зертханалық жолмен расталған науқастар саны 808-ге жетсе, оның 192-сі қайтыс болған.

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді.

Гуманитарлық ұйымдар Конго Демократиялық Республикасында Эбола вирусының таралуы тоқтамай отырғанына алаңдаушылық білдіруде. KNA агенттігінің мәліметінше, 2026 жылғы 14 маусымдағы жағдай бойынша Итури, Солтүстік Киву және Оңтүстік Киву провинцияларында 808 адамнан Эбола анықталған. Оның 192-сі көз жұмған. Өлім-жітім көрсеткіші 23,8 пайызды құрап отыр.

Эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуіне қарамастан, елге көрсетілетін халықаралық гуманитарлық көмек көлемі айтарлықтай азайған. Oxfam ұйымының дерегіне сәйкес, 2024 жылы Конгоға бөлінген гуманитарлық қаржы көлемі 2,58 млрд доллар болса, 2026 жылы бұл көрсеткіш 1,4 млрд долларға дейін төмендеген. Соның салдарынан көптеген гуманитарлық ұйым өз қызмет ауқымын қысқартуға мәжбүр болған.

Ал Welthungerhilfe ұйымы індеттің таралуын тежеу үшін тұрғындарды жаппай тестілеуді күшейтіп, науқастармен байланыста болған адамдарды анықтау жұмыстарын жандандыру қажет екенін айтты.

Ұйымның аймақ бойынша жауапты директоры Урсула Лангкамптың сөзінше, бұл үшін қосымша қаржы, медициналық мамандар және заманауи құрал-жабдықтар қажет.

Сондай-ақ ол індет тараған өңірлерде алдын алу шараларын күшейту үшін халыққа гигиеналық құралдарды тарату маңызды екенін атап өтті.

— Оқшаулау орталықтары мен изоляторларда жатқан науқастарды азық-түлікпен қамтамасыз ету де аса маңызды. Бұл олардың қажеттіліктерін өтеп қана қоймай, аштықтың алдын алуға көмектеседі, — деді Урсула Лангкамп.

Еске сала кетейік, бұған дейін мамандар Африкадағы Эбола індетінің өршуін болашақтағы жаһандық пандемияға дайындықтың бір көрінісі деп бағалаған болатын. Сондай-ақ Конго Демократиялық Республикасындағы жаңа індет елдің 29 медициналық аймағын қамтыған.

Наверх