Композитор Амантай қажы қолқалап жаздырған әнінің неге танымал болмағанын айтты

25 Қазан 2022, 18:38
10501
Бөлісу:
Композитор Амантай қажы қолқалап жаздырған әнінің неге танымал болмағанын айтты

Бұл туралы «Желмая» жобасына сұхбат берген композитор, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Төлеген Мұхамеджанов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

25 қазан – Республика күні қарсаңында сұхбат берген өнер иесі Тәуелсіздік күнінің де мәртебесі төмендемейді деп отыр. 

Сондай-ақ ол «бағы жанбай қалған» патриоттық әні туралы айтты. 

Алматыда Амантай қажы деген азамат бар. Кезінде мені көшеде көріп қалып, «Төлеген, айналайын, Тәуелсіздік туралы бір ән жазып бер. «Заман-айды» жаздың. Енді сондай күреске шақыратын, қазақты оятататын тағы бір ән жаз» деп қолқалап қоймады. Бір емес, бірнеше рет айтқан соң бір әуен жаздым. Әуенге сөз жазып бер деп Шөмішбайға, Ұлықбекке қолқа салдым. Ұлықбек «Оян, қазақ!» деп сөзін жазып, ән дүниеге келді. Әлгі әнді көрсеткен соң Амантай қажы қуанып, үйінде 20 шақты адамның басын қосып, тұсаукесер де өткізді, - деп атап өтті өнер иесі.

Сонымен қатар ол әннің неліктен кең танылмағанын түсіндірді. 

Сөйтіп 16 желтоқсан күні келіп Тәуелсіздік мерекесі бекітілгеннен кейін егемендік алған соң қазақты қайда шақырам деп, «Оян, қазақ!» әнімнің оты жанбады. Өшіп қалды. Сол кезде дұрыс істедім деп ойлаймын. Тәуелсіз мемлекет болдық, егемендігімізді алдық, кіммен күресуге шақырамын деп ол әнді жарыққа шығармадым. Ол ән ретінде өзімнің жүрегімде қалды. Әуені өте жақсы, - деді Төлеген Мұхамеджанов. 

Өзгелердің жаңалығы