Комитет: Жыл басынан бері салықтық түсімдер жоспары 121%-ға орындалды

17 Наурыз 2021, 18:20
1125
Бөлісу:
Комитет: Жыл басынан бері салықтық түсімдер жоспары 121%-ға орындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл алғашқы 2 айда салықтық түсімдер бойынша жоспар 121,3%-ға орындалды. 

Қаңтар-ақпан айларында мемлекеттік бюджеттің салықтық түсімдер бойынша жоспары асыра орындалып, 1 391,2 млрд теңге түскен. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. 

2021 жылғы қаңтар-ақпан айларында мемлекеттік бюджеттің салықтық түсімдер бойынша жоспары өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 12,2%-ға немесе 194,2 млрд теңгеге төмендеумен 121,3%-ға орындалды, - делінген хабарламада.

1 146,6 млрд теңге жоспар бойынша, 244,6 млрд теңге асыра орындаумен 1 391,2 млрд теңге түсті, оның ішінде:

- Республикалық бюджет өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 18,5%-ға немесе 194,0 млрд теңгеге төмендеумен 113,6%-ға (750,7 млрд теңге жоспар бойынша 102,2 млрд теңгеге асыра орындаумен 852,9 млрд теңге түсті) орындалды;

- Жергілікті бюджет 136,0%-ға орындалды (395,9 млрд теңге жоспар бойынша 142,4 млрд теңгеге асыра орындаумен 538,3 млрд теңге түсті), өсу қарқыны өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 100,0%-ды құрады.

Республикалық бюджет жоспарын асыра орындауға әсер еткен негізгі факторлар:

- мұнайға экспорттық кеден бажы бойынша жоспар 35$ мөлшерлеме бойынша салынды, мәселен ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында орташа мөлшерлеме 55,2$ деңгейінде қалыптасты.

- 2020 жылғы 4-тоқсанында 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда негізгі экспорттық позицияларға, оның ішінде күміс 40,9%-ға, алтын 26,4%-ға, мыс 21,1%-ға, уран 17,5%-ға, мырыш 11,6%-ға, темір рудасы (концентраты) 58,7%-ға бағаның өсуі байқалады.

Өзгелердің жаңалығы