Комитет әуежай жақтағы өртке қатысты мәлімдеме жасады

13 Сәуір 2023, 16:01
915
Бөлісу:
Комитет әуежай жақтағы өртке қатысты мәлімдеме жасады
Фото: airastana.com

Бұл туралы ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.

Бүгін Астанада халықаралық әуежай жанында өрт болғаны хабарланды. 1 гектар аумақты алып жатқан қамыс өрті әлі сөндіріліп жатыр. Авиация комитетінің баспасөз қызметі осы жайтқа байланысты түсініктеме беріп, әуежайдың жұмысына өрт еш кедергі келтірмегенін мәлімдеді.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының ақпараты бойынша өрт әуе айлағының қызметіне әсер етпеген. Астана әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы