Командама алғыс айтамын – BAQ liga жеңімпазы

18 Желтоқсан 2021, 17:13
1986
Бөлісу:
Командама алғыс айтамын – BAQ liga жеңімпазы
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Волейболдан БАҚ өкілдері арасындағы BAQ liga-ның екінші маусымы мәресіне жетті. Бір жарым айға созылған біріншілікте «Qazaqstan-Qazsport» командасы жеңіске жетті.

Финалда бас жүлдеге  «Qazaqstan-Qazsport» және «Хабар» командалары таласты. Бір жарым айға созылған біріншілікте «Qazaqstan-Qazsport» командасы 2-1 есеппен жеңіске жетті.

Командама алғыс айтамын – BAQ liga жеңімпазы
Командама алғыс айтамын – BAQ liga жеңімпазы
Командама алғыс айтамын – BAQ liga жеңімпазы
Командама алғыс айтамын – BAQ liga жеңімпазы
Командама алғыс айтамын – BAQ liga жеңімпазы

«Qazaqstan-Qazsport» белді ойыншысы Әсел Әбілбекова чемпионат БАҚ өкілдерінің басын қосатын алаңға айналғанын айтып, командаластарына алғысын білдірді.

Көңіл күй өте тамаша. Жеңеміз деген сенім бодды. Бірақ хабар командасы да осал емес. Чемпион болуға барымызды салдық, мақсат орындалды. Журналистермен бұрын тек жұмыс барысында кездесетін едік, BAQ liga  журналистер үшін тимбилдинг алаңына айналды. Волейбол командалық ойын болғандықтан, бұл ортақ жеңіс. Командама алғыс айтамын, – деді журналист.

Командама алғыс айтамын – BAQ liga жеңімпазы

Біріншілікке еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінен құралған барлығы 12 команда қатысты. Лига Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен ҚР Спорт және туризм индустриясын қолдау қорының 10 жылдық мерейтойы аясында өтті.

Біріншілік басталғанда командалар алты-алтыдан екі топқа бөлініп, плей-офф кезеңіне әр топтан 4 команда жолдама алды.

Командама алғыс айтамын – BAQ liga жеңімпазы

Нәтижесінде «Хабар» командасы жүлделі ІІ орынды алды. Ал «7 арна» командасы БАҚ лиганың бірінші маусымдағы чемпионы – «Қазақпарат» агенттігін жеңіп, үшінші орынды иеленді.

Ойындар елордамыздың №5 Дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің залында өтті. Финал ойынынан кейін маусымның жабылу салтанаты өтіп, үздіктер мен жүлдегерлер марапатталды.

Командама алғыс айтамын – BAQ liga жеңімпазы

Айта кетейік, байрағын 2016 жылдың 10 желтоқсанында желбіреткен BAQ liga – Қазақстан БАҚ өкілдерінің басын біріктіріп, редакциялар арасында көпір орнататын, әріптестік татулықты арттыруға бағытталған жоба. Бүгінге дейін BAQ liga Қазақстан Масс-медиасы арасында футбол додаларын өткізіп келді. Осы уақытқа дейін БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан 9 маусым өтіп, оған еліміздің 40-қа жуық Бұқаралық ақпарат құралдары редакцияларынан 700 шамасында журналист қатысты.

Ал волейболдан BAQ liga-ның бірінші маусымына 8 команда қатысып, тартысты өткен финалдық кездесуде «Хабар» командасын 2:1 есебімен жеңген «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігі чемпион атанған болатын.

Өзгелердің жаңалығы