Көлік ұрлаумен айналысқан 36 қылмыстық топ ұсталды

25 Желтоқсан 2022, 18:13
778
Бөлісу:
Көлік ұрлаумен айналысқан 36 қылмыстық топ ұсталды

ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев елімізде көлік ұрлау қылмыстары азайғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның сөзіне қарағанда, автокөлік ұрлау деректерінің 70 пайызында бұрын осындай құқыққа қайшы әрекеттер жасаған және техникалық құралдарды пайдалана отырып, автомобильдердің есігін аша алатын адамдардың қатысы бар екені анықталып отыр.

Қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігінің тіркеуінде көлік ұрлау санаты бойынша 3086 адам тұр. Биыл қабылданған шаралардың нәтижесінде, ұрлық жасаған және біреудің көлігін мініп кеткені үшін 1046 адам, оның ішінде 68 қылмыс эпизодын жасаған 36 қылмыстық топ ұсталды. Соның арасында 732 адам бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған, - деді Марат Қожаев Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында.

Биыл бейнекамера арқылы 8892 қылмыстың беті ашылды, оның ішінде 226-сы көлік ұрлау қылмысына қатысты.

Кейінгі 5 жылдағы автокөлік ұрлау мен біреудің көлігін мініп кету әрекетіне қатысты қылмыстарыға жүргізілген талдауға тоқталсақ, осы қылмыстардың 51,8 пайызға азайғанын байқауға болады, - деді министрдің бірінші орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы