Көлік-транзитін дамытуға арналған сарапшылар жиыны сәтті аяқталды

13 Шілде 2023, 14:10
897
Бөлісу:
Көлік-транзитін дамытуға арналған сарапшылар жиыны сәтті аяқталды
PHOTO
Фото: ИИДМ баспасөз қызметі

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығымен бірлесіп, онлайн форматта ұйымға мүше елдердің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту жөніндегі сарапшылардың кездесуін ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу АӨСШК елдерінің көлік-транзиттік қауқарын күшейту саласында ынтымақтастықты тереңдетудің өзекті мәселелері мен келешектегі перспективаларын талқылауға арналды. АӨСШК Бас хатшысының орынбасары Чи Фан ханым және ҚР ИИДМ Көлік саясаты және инфрақұрылым департаментінің директоры Сапар Бектасов көлік секторында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Көлік-транзитін дамытуға арналған сарапшылар жиыны сәтті аяқталды

Айта кетейік, Қазақстан көлік-логистика саласындағы байланысты тереңдету, жаңа мультимодальды көлік дәліздерін, логистикалық орталықтарды құрып, әлеуетін ашу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Осы арқылы тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етіп, мүше мемлекеттердің өзара байланысын нығайту көзделіп отыр.

Кездесудің қорытындысына сәйкес АӨСШК хатшылығы ұйым кеңесінің тұрақты өзара әріптестігін нығайту үшін қатысушыларды белсенді болып, осы бағыттағы келісімге қол қоюды талқылауға шақырды.

Өзгелердің жаңалығы