Көлік тізгініне 6 жасар ұлын отырғызған алматылық жауапқа тартылды

13 Қаңтар 2020, 11:34
1839
Бөлісу:
Көлік тізгініне 6 жасар ұлын отырғызған алматылық жауапқа тартылды
PHOTO

Алматы, BAQ.KZ. Алматы тұрғыны 6 жасар ұлына көлік жүргізуге рұқсат бергені үшін жауапқа тартылды. 

Бұл туралы Алматы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Әкесі ұлының көлік жүргізген сәтін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салған. Видео танымал әлеуметтік желіде кеңінен тараған еді. 


Баланың көлікті оқыту полигонында жүргізгенін ескергеннің өзінде, бұл - үлкен қатер. Оның зардабын бала көрер еді. Әкесі осыны түсінуі керек болатын. Ш. есімді азамат ереже бұзғанын мойындап, келешекте кішкентай баласын рөлге жібермейтін болды. Ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік заң бұзушылық бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, - дейді Алматы ПД басшысының орынбасары полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков.



Өзгелердің жаңалығы