Көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші қатысуымен жол апаты болды

7 Желтоқсан 2023, 15:11
463
Бөлісу:
Көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші қатысуымен жол апаты болды
Фото: polisia.kz

7 желтоқсанда Ақтөбе-Орынбор автожолының Құрайлы ауылының маңында орналасқан Жібек жолы жанармай құю станциясына қарама-қарсы бетте төрт автокөліктің қатысуымен жол апаты болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

35 жастағы Toyota Rav-4 автокөлігінің жүргізушісі жол және метеорологиялық жағдайларды ескермей, ВАЗ-2115 автокөлігінің сүйреуінде болған ВАЗ-2112 автокөлігімен соқтығысқан.

Салдарынан Toyota Rav 4 өзінің қозғалыс бағытын өзгертіп, қарсы жолаққа шығып, Toyota Camry автокөлігімен соқтығысқан. Toyota RAV 4 және Toyota Camry автокөліктерінің жүргізушілері ауруханаға жатқызылды.

Полиция қызметкерлері Toyota RAV 4 автокөлігінің жұргізушісі бұрын 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылғанын анықтады. Енді ол 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы