Көкшетауда үй өртеніп, екі газ баллоны жарылды

Өрт қасақана қойылған дейді

 скрин Бүгiн 2026, 21:13
Бүгiн 2026, 21:13
144
Фото: скрин

Ақмола облысының орталығында екі пәтерлі жеке тұрғын үйде өрт орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өрттің жалпы ауданы 120 шаршы метрді құрады. Өрт сөндіру жұмыстары өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін екі газ баллонының жарылуымен қиындап, бұл жалынның тез таралуына себеп болды.

Өрт шақырту түскен сәттен бастап 40 минут ішінде сөндірілді. Өртті сөндіру барысында тағы екі газ баллоны шығарылды.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі - қасақана өртеу

Наверх