Көкшетауда Асқар Забикулинге ескерткіш қойылуы мүмкін

9 Наурыз 2023, 11:05
887
Бөлісу:
Көкшетауда Асқар Забикулинге ескерткіш қойылуы мүмкін
Фото: Ақмола облысы әкімдігі

Халықаралық әйелдер күнінде Асқар Забикулиннің анасын құттықтауға барған Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев жақын арада Көкшетауда қаза тапқан батырға ескерткіш қоюды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ inform.kz-ке сілтеме жасап.

Өңір әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, облыс басшысы өрт сөндіру кезінде қаза тапқан батырдың анасы Бибігүл Забикулинамен кездесіп, мерекесімен құттықтаған.

Сіздің балаңыздың есімі батырлық, қайсарлық, жасаған ісіне адалдық тәрізді мінез ерекшеліктерімен пара пар. Біз оның осы жерде туып-өсіп, білім алғанын мақтан тұтамыз. Сіздің жаныңыздамыз және әрқашан көмекке келуге дайынбыз, - деді Ермек Маржықпаев.

Сонымен қатар ол жақында Көкшетауда Асқар Забикулинге ескерткіш қою туралы ұсынысын айтты.

Еске салсақ, өткен жылдың 16 қарашасында елордадағы тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты. Өрт сөндіруге барған жасақтың ішінде Асқар Забикулин де болды. Ол бірнеше адамның өмірін аман алып қалып, өзі денесінің көп бөлігін күйік шалып, жансақтау бөліміне түседі. Өкінішке қарай, бірнеше күннен кейін Асқар Забикулин қайтыс болды. Өрт сөндірушінің ерен ерлігіне барша қазақстандық тәнті болды. Қазір Астанадағы ТЖД бөлімшелердің біріне батырдың есімі берілді. Сондай-ақ Астанада Забикулиннің атына көше берілді. Бұдан бөлек ол «Жыл адамы» байқауында «Алтын адам» премиясының лауреаты атанды.

Өзгелердің жаңалығы