«Самұрық-Қазынаның» акцияларына уақытша тыйым салу шешімі қайта қаралады

20 Желтоқсан 2020, 09:48
2517
Бөлісу:
«Самұрық-Қазынаның» акцияларына уақытша тыйым салу шешімі қайта қаралады

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Стати іс шеңберінде Нидерланд Корольдігінің Жоғарғы Соты Қазақстанды қолдап KMG Kashagan B.V. компаниясындағы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның акцияларына уақытша тыйым салу бойынша шешімді қайта қарау туралы шешім шығарды.

Бұл туралы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Анатол Стати, Габриэль Стати, Ascom S. A. және Terra Raf Trans Traiding Ltd.-ге (Стати) қарсы Нидерланды Жоғарғы сотындағы процесте табысқа жетті.2020 жылғы 18 желтоқсанда Нидерланд Жоғарғы Соты Стати мен Қазақстан Республикасы арасындағы даумен байланысты KMG Kashagan B.V. компаниясындағы «Самұрық-Қазына» АҚ акцияларына тыйым салуға қатысты жеңілдетілген іс жүргізу шеңберінде Амстердам Апелляциялық сотының 2019 жылғы 7 мамырдағы шешімінің күшін жойды.

Нидерланды Жоғарғы Соты Біріккен Ұлттар Ұйымының мемлекеттердің юрисдикциялық иммунитеттері және олардың меншігі туралы Конвенциясының 19 (С) бабына сүйене отырып, бұл ереже әдеттегі халықаралық құқықты көрсететінін анықтады. Осылайша, Жоғарғы сот істі қайта қарауға Гаага апелляциялық сотына жіберді. KMG Kashagan B.V. компаниясындағы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ акцияларына тыйым салудың заңдылығы Гаага апелляциялық сотымен қайта қаралатын болады. Қазақстан Республикасы Гаага апелляциялық соты тыйым салуды заңсыз деп санап, оның күшін жоятынына сенімді.

Қазақстан Республикасы өзінің инвестициялық ахуалын және өзінің көптеген заңды инвесторларын қорғауға бел буды. Сондай-ақ, Республика алаяқтықпен, ақшаны жылыстатумен және сыбайлас жемқорлықпен күресіп жатыр. 

Сондықтан Қазақстан өзінің инвестициялық жүйесін жүйелі түрде инвестицияларды қорғау қалқанының артында жасырынып жүрген Стати тарабымен теріс пайдалануға қатысты құқықтық шараларды әшкерелеуге, бағалауға және қабылдауға өз жауапкершілігінен құқық үстемдігі қағидатына сәйкес бас тартпайды.

Толық мәтінді министрліктің сайтынан оқи аласыздар.

Өзгелердің жаңалығы