Кітап дәрігері туралы не білесіз?

23 Мамыр 2024, 12:13
2440
Бөлісу:
Кітап дәрігері туралы не білесіз?
PHOTO
Фото: автордан

Қазақстанда ескі кітаптар қалай қалпына келтіріледі? Кітапқа реставрация қалай жүргізіледі? Сирек әрі құнды кітаптар қалай сақталады? Реставрация және консервация бөлімінің басшысы Сырым Ботабеков кітап емдеушілердің жұмысымен таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

- Орталық жұмысы жөнінде айта кетсеңіз? Реставрация орталығы қалай құрылды?

- Астанада Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының реставрация және концервация бөлімі 2018 жылы ашылды. Сол жылы орталыққа шетелдің озық мемлекеттерінен құрал-жабдықтар алынған болатын.

- Ескірген кітаптарды қалай қалпына келтіресіздер?

Кітап дәрігері туралы не білесіз?

- Кітап бірден тап-таза қалпы келмейді ғой. Бұрыңғы кезде кітап жасауға қолданылатын материалдар органикалық зат болған, оларға зиянкестер әуес келеді. Сол себепті кітап келе сала оны залалсыздандыруымыз керек. Яғни, құрамындағы зиянды заттар кітаптың өзіне, одан кейін қордағы басқа кітаптарға және реставратордың өміріне зиян келтірмесін деп, ең бірінші кезекте залалсыздандырамыз. Өйткені ескі кітап парағында әртүрлі зиянкестер болады. Солардың бәрін, алдымен тазалаймыз, кейін барып қалпына келтіру жұмыстарына кірісеміз.

Кітап дәрігері туралы не білесіз?

Кітап қалпына келтірілген соң, оның жетіспейтін жерлері болады. Мұның орнын жамап, толықтыру үшін жапон қағазы қолданылады. Арнайы қағазды эстетикалық тұрғыдан кітаптың түсіне қарай қосып, бояймыз. Әрине, дәлме дәл келтірудің керегі жоқ, өйткені жасанды екені бәрібір көрініп тұрады, бірақ барынша ұқсас етеміз. Кітап парағын түгендеу үшін метилцеллюлоза деп аталатын желім, крахмал желімі және ұн желімі қолданылады. Реставрация жұмысы біткеннен кейін, кітапты дәптерлерге жинап, одан блок жинап тігіледі. Кітап бастапқы күйінде қалай болды, солай қалпына келтіріп тігіледі. Егер беттері мүлдем шашылып кетсе, онда заманына сай әдісті қолданады.

Кітап дәрігері туралы не білесіз?

- Залалсыздандыру жұмыстары қалай жүреді?

- Кітаптарды арнайы қапшыққа саламыз. Сол жағдайда олар 3-4 апта бойы тұрады. Кейін дизенфекциядан өтіп, әр парақ шаңнан тазартылады. Алайда кітаптарға реставрация жүргізетін нақты бір алгоритм жоқ. Яғни, кітаптардың зақымдарына жұмыс жүргіземіз.

Кітап дәрігері туралы не білесіз?

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басынан бастап қағазға шикізат ретінде ағашты қолдана бастады. Оған дейін XVIII ғасырларда қағазды мақтадан жасаған. Ол үшін ескі киімдер мен қайықтардың желкендерін қолданды. Ал ағаштан жасалған қағаздың құрамында "лигнин" болады, содан қағаз сарғайып, сынғыш келеді. Яғни қағаздың құрамында қышқылдығын көбейтетін дүние.

Кітап дәрігері туралы не білесіз?
Кітап дәрігері туралы не білесіз?

- Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында қанша адам жұмыс істейді?

- Біздің бөлімде төрт қызметкер істейді. Болашақта кеңейеді деген ой бар. Өйткені, қазіргі таңда реставрация жұмыстарына ерекше көңіл бөліп отыр. Мұның маңызын басшылық пен министрлік те сезініп отыр. Өйткені кітаптарды болашақта сақтау, келешекке жеткізу үшін міндетті түрде реставрация жұмыстарын жүргізу қажет.

Кітап дәрігері туралы не білесіз?

- Елімізде бұл мамандық оқытыла ма?

- Бұл мамандық елімізде кенжелеп қалды. Оқу орындарында оқытпайды. Сол себепті мамандар шетелден қысқа мерзімді курстардан өтіп келеді. Сонымен қатар әртүрлі шетелде болып жатқан семинарлар, оның барысында өтетін мастер-кластар көптеп септігін тигізіп келеді. Біз өз білгенімізді Қазақстан көлеміндегі мекемелерге үйретіп отырамыз. Арнайы семинарлар арқылы еліміздің түкпір-түкпірінен архивист, кітапханашы, музей саласының қызметкерлері келіп, өздерінің біліктілігін жоғарылатады.

Кітап дәрігері туралы не білесіз?

- Уақыт бөлгеніңізге рақмет!

 Қымбат Спабек

Өзгелердің жаңалығы