"Жүректен жүрекке" акциясы аясында 770 млн теңге көмек көрсетілді

23 Мамыр 2024, 12:11
1976
Бөлісу:
"Жүректен жүрекке" акциясы аясында 770 млн теңге көмек көрсетілді
Фото: автордан

Алматыда Ассамблеяның жұмысы мен этномәдени бірлестіктердің қызметі талқыланды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Іс-шарада ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен жүрекке» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясына жеке тоқталып өтті.

"Жүректен жүрекке" акциясы аясында 770 млн теңге көмек көрсетілді

Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамалар мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 33-ші сессиясында Мемлекет басшысы жүктеген міндеттер қарқынды жүзеге асып келеді. Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге Ассамблея азаматтары, жастары белсенді атсалысты. Содай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының "Жүректен жүрекке" жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы қарқынды жүзеге асып келе жатқанын атап өткеніміз жөн болар. Республикалық акция аясында апат аймақтарына жалпы сомасы 770 млн теңгеге жуық 1500 тоннадан астам азық-түлік пен бірінші кезектегі қажетті тауарлар жіберілді, - дейді Марат Әзілханов.

"Жүректен жүрекке" акциясы аясында 770 млн теңге көмек көрсетілді

Еліміздің бірқатар өңірлерін қамтыған табиғи апат күндері зардап шеккендерге Қазақстан халқы Ассамблеясының еріктілері мен қоғам қайраткерлері айтарлықтай көмек көрсетті.

Су тасқыны болып, еліміздің кейбір өңірлері зардап шеккен кезде көмек көрсету халықтың бірлігін айқын көрсетті. Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмылып, қолдан келгенше көмекке асықты. Біздің елде көп ұлт тұрса да, береке бірлігі жарасқан ел екенін көрсетті. 1 мамырда Қазақстан халқы Ассамблеясының "Жүректен жүрекке" атты акциясы аясында алматылықтар Петропавл қаласына жалпы сомасы 31 миллион теңгеге азық-түлік, төсек-орын жабдықтары, гигиеналық және бірінші кезекте қажет болатын заттардан тұратын 25 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберді, - дейді "Филия" грек этномәдени орталығының төрағасы Иорданиди Константин.

"Жүректен жүрекке" акциясы аясында 770 млн теңге көмек көрсетілді

Сессия қорытындысы бойынша өңірдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға елеулі үлес қосқан бірнеше азаматты марапаттау рәсімі өтті.

"Жүректен жүрекке" акциясы аясында 770 млн теңге көмек көрсетілді
Өзгелердің жаңалығы