Кімдер елге ПТР сынамасынсыз кіре алады?

18 Наурыз 2022, 16:36
1409
Бөлісу:
Кімдер елге ПТР сынамасынсыз кіре алады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады. 

Бүгінгі таңда вакцинация және қайта вакцинациядан өткен қазақстандықтар елге ПТР тестісіз кіре алады. Визасыз режим қолданылатын барлық елдермен әуе қатынасы қайта жалғасты. Халықаралық автобус және теміржол тасымалын қалпына келтіру шаралары қабылдануда, - деп атап өтті министр. 

Сонымен қатар ол шекаралас елдерде тәуліктік сырқаттанудың жоғары болуына байланысты қандай шектеу шараларының бар екендігіне тоқталды. 

Ресейде індет жұқтыру тәулігіне 34 000 жағдайды құраса, аурушаңдық көрсеткіші – 23,2-ге жетіп отыр. Елімізде тәулігіне 100 жағдайға дейін анықталуда, аурушаңдық көрсеткіші - 0,5-ке тең. Құрлықтағы шекарада қозғалыстың жоғары болуына байланысты көлік жолдарында мемлекеттік шекараны кесіп өту шектеулері сақталды. Пандемияға дейін  мемлекеттік шекарадан өту саны – 50 000-ға дейін болса, қазіргі уақытта – 5000 адамға дейін шектелген. Эпидемиологиялық жағдай тұрақтанған кезде құрлық шекарасынан өту кезінде шектеулерді алып тастау қарастырылатын болады, - деді еліміздің бас дәрігері. 

Сонымен қатар министр республикада сырқаттанудың төмендеуіне қарамастан, пандемия жалғасуда деп отыр. Ол ұжымдық иммунитетті сақтап, сырқаттанудың өсуіне жол бермеу үшін вакцинациялауды және қайта вакцинациялауға кеңес берді.

Өзгелердің жаңалығы