Киімге кезекке тұрған шымкенттіктер бір-бірін таптап кете жаздады

6 Қараша 2022, 16:05
1682
Бөлісу:
Киімге кезекке тұрған шымкенттіктер бір-бірін таптап кете жаздады

Шымкентте киім дүкеніне кезекке тұрушылар бір-бірін таптап кете жаздады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.

5 қарашада Тәуке хан бойында орналасқан сауда үйлерінің бірінде дүкен иесі спорттық киімдерді арзан бағамен сату акциясын ұйымдастырды. Осыған байланысты жергілікті тұрғындар көп жиналды. 

Дүкен ашылған кезде адамдар бірін-бірі итеріп, қыса бастады. Оқиға орнына қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін учаскелік пункттің учаскелік инспекторлары келді. Зардап шеккендер жоқ. 

Еңбекші АПБ полицейлері дүкен иесі, жергілікті тұрғынды анықтады. Ол ҚР ӘҚБтК-нің 488-1-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Өзгелердің жаңалығы