Харьковта Қазақстанның консулдығы ашылды

21 Ақпан 2020, 00:12
1093
Бөлісу:
Харьковта Қазақстанның консулдығы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Харьков қаласында (Украина) Харьков, Полтава және Сумы облыстарын қамтитын Қазақстан Республикасының құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Мекеменің басшысы болып - Харьков кәсіпкері, аймақтағы үлкен тәжірибесі бар белгілі заңгер және меценат Эмин Наджафли тағайындалды.

Қазақстанның Украинадағы елшісі Самат Ордабаев өз сөзінде Құрметті консулдықтың қазақстан-украиндық қатынастардың барлық
салаларындағы өзара ынтымақтастықты дамытудағы маңызды рөлін атап өтті. 

Қазақстанның мүдделерін ілгерілету, елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ еліміздің азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Айта кету керек, Украинаның шығыс аймағының қуатты экономикалық, ғылыми және мәдени әлеуеті бар. Аймақта химия, отын-
энергетика, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, құрылыс материалдары өндірісі дамыған. Сонымен қатар, Харьков, Полтава және
Сумы облыстарында агроөнеркәсіп кешені өте қарқынды дамуда.

Іс-шараға Харьков облыстық әкімшілігінің, Харьков қаласының басшылығы, Харьков облыстық кеңесінің депутаттары, дипломатиялық
корпустың, аймақтың іскер топтарының өкілдері, Харьковтағы қазақ диаспорасы, БАҚ және басқалар қатысты.

Өзгелердің жаңалығы