"Хан Шатырдың" төменгі қабатында өрт шықты

2 Қараша 2019, 12:02
2849
Бөлісу:
"Хан Шатырдың" төменгі қабатында өрт шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Хан Шатыр" сауда, ойын-сауық орталығының астыңғы қабаты түтінге оранды, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағадайлар комитеті.

2 қарашада сағат 9:42-де "101" пультіне "Хан Шатыр" сауда, ойын-сауық орталығының жертөле қабатын түтін басқандығы туралы хабар келіп түсті. Оқиға орына келген өрт сөндірушілер аталған нысанның техникалық бөлігінде электр кабельдердің тұтанғанын анықтады, - делінген комитет хабарламасында.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде кабельдердің жануы сағат 10:36-да толықтай өшірілді. Белгілі болғандай, өрт сөндірушілер келгенге дейін орталық әкімшілігі қызметкерлердің барлығын эвакуациялап үлгерген. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіруге жеке құрамдағы 11 адам мен елордалық ТЖД-ның екі техникасы тартылды.



Өзгелердің жаңалығы