Елордада халықаралық блогерлер форумы басталды

24 Тамыз 2019, 11:21
2509
Бөлісу:
Елордада халықаралық блогерлер форумы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада "Қазақстанды таны" атты халықаралық блогерлер форумы басталды.

Бейбітшілік және келісім сарайында басталған шара ертең де жалғасын табады. Форум еліміздің және шет елдердің блогерлерін, цифрлық технологиялар, блогинг пен жаңа медиаға қызығушылық танытқан жастарды бір алаңда жинады.

Форумның алғашқы күні жастар көп келді. Олар танымал блогерлерден қолтаңба алып, фото мен видеоға түсіріп, үлкен қызығушылық танытуда.

Іс-шара аясында еліміздің және шет елдердің танымал блогерлері жастарға шеберлік сабақтары мен панельдік сессиялар өткізеді. Олар блогерлік арқылы қалай ақша табуға болатындығы, саяхат-блогингі немесе инстаграмда блогты қалай жүргізу керектігі туралы, тағы басқа блог тақырыбына қатысты өз білімдерімен бөліседі.

Сонымен қатар, форумда "Мен Қазақстаннанмын" видеоблогерлер бәйгесінің жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтеді.

Іс-шара Жастар жылы аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ және "A kind heart" ҚБ ұйымдастырумен өтіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы