ҚХА Рождество мерекесімен құттықтады

7 Қаңтар 2021, 15:10
1969
Бөлісу:
ҚХА Рождество мерекесімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан халқы Ассамблеясы православ христиандарын және барша қазақстандықты жарқын мереке – Христос Рождествосымен құттықтады.

Рождество мейрамы әуелден адамзаттың ең таза және ең жақсы қасиеттерін белгілеп берді, үміт сыйлады, мәдениет пен тарихты өзгертті. Ол ұлттық және әлеуметтік айырмашылықтарға қарамастан, қазіргі әлемнің рухани-мәдени және өнегелік келбетін қалыптастыруға үлкен әсер етті.

Қазақстанда православие басқа дәстүрлі діндермен қатар қоғамдық келісім мен бірліктің маңызды элементтерінің бірі болып отыр. Қазақстандықтар Рождествоны әрдайым тату-тәтті тұрмыс кешу, өзара түсіністік пен бірін-бірі қолдау атмосферасында атап өтеді.

Біз бұған Тәуелсіздік жылдары Нұрсұлтан Назарбаевтың елімізде бейбітшілік пен келісім орнату саясатын ұстанудың арқасында қол жеткіздік. Соның негізінде өзіміздің полиэтностық және поликонфессиялық қалпымызды стратегиялық артықшылыққа айналдырдық, ал Қазақстан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің орнына айналды. 

«Ел бірлігі – оның әралуандылығында» моделі мемлекеттің табысты дамуының маңызды факторы болып қала береді. Біз қазақстандық дәстүрлі құндылықтарға сүйене отырып, болашақты бейбітшілік пен келісім, құрмет пен әділеттілік қағидаттары негізінде құрамыз.

Айтулы тамаша мерекені қарсы алып отырған азаматтардың барлығын құттықтаймыз. Шаңырақтарыңыз қуанышқа, жылулық пен құт-берекеге толсын! Осы қуанышты күні Сіздерге зор денсаулық, бақыт және барлық игі істеріңізге табыс тілейміз!, - делінген құттықтауда.

Өзгелердің жаңалығы