Кез келген жағдайда «рухани код» автономиясы сақталуы шарт – депутат

23 Қаңтар 2021, 18:47
1262
Бөлісу:
Кез келген жағдайда «рухани код» автономиясы сақталуы шарт – депутат

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаһандану процестері сауда-экономика, қаржы, адам ресурстарын унификациялап қана қоймай, әрбір ұлттың рухани әлеміне, мәдени дүниесіне әсер етуде.

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Кей кездері бұл әсер ұлттың «рухани кодына» кері әсер етеді. Оның ішінде, ұлттың әлеуметтік организмі, рухани болмысы девальвацияға ұшырап жатыр. Ұлттың «өзімен өзі болу» принципіне қол сұғылуда. Қанша жерде экономикалық кооперация болғанмен, мәдени әлем, «рухани код» автономиясы сақталуы шарт. Бұл аспект еліміздің әлеуметтік сферасына, рухани әлеміне, тәлім- тәрбие болмысына қатысты, – деп жазды Саиров.

Депутаттың айтуынша, барлық заң творчествосы, нормативтік - құқықтық база осы принципті ұстануы шарт.

Бұл қағидат бүгінгі қарама-қайшылығы көп әлемдегі «рухани жаңғырудың» басты алғышарты, – деп жазды Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров.

Өзгелердің жаңалығы