Кешен Бозжырадан 3-4 шақырым алыста салынады – жобаның бас сәулетшісі

5 Ақпан 2021, 16:53
2046
Бөлісу:
Кешен Бозжырадан 3-4 шақырым алыста салынады – жобаның бас сәулетшісі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы жобаның бас сәулетшісі Бақтияр Қайдиев Бозжыра жобасы бойынша өткен қоғамдық тыңдау барысында айтты. 

Қазір қоғамдық тыңдаудың мәселесі ретінде айтылған кешеннің қоршаған ортаға әсерін де ұмытпауымыз керек. Барлығымыздың алдымызда бір мақсат тұр. Ол - осындай көркем көріністі бұзбау. Оны әрі қарай сақтай отырып, туризмді дамыту болып отыр. Оған қоса, аймақтың әлеуметтік-мәдени дамуына да үлес қосуды ұмытпау керек. Осыны жүзеге асыру арқылы экологиялық туризмді дамытқымыз келеді, - деді ол. 

Оның айтуынша, кешен Бозжыра тауларынан 3-4 шақырым алыста орналасқан.

Біздің кешен 3-4 шақырым алыста орналасқан. Ол жерде табиғи төбешік бар. Сол төбешіктің үстінде орналасады. Ол жақта асфальтті жол бар. Сол жолдан кешенге қарай бір жол салынады. Жолдардың саны үлкейіп, табиғатқа әсерін беріп жатқанын көруге болады. Біз сол жолдарды біріктіріп, бір жолға қоссақ, оның алдын аламыз. Барлығы тек бір жолмен қозғалады, - деді ол. 

Бас сәулетшінің айтуынша, бұл кешен туризмнің ұйымдастырылған алғашқы қадамы болады. 

Уақыт өте туристер саны да артып жатыр. Ал кешен туристерге арналған ыңғайлы орын болады. Аймақта 120 метрге дейін көтерілетін әртүрлі таулар бар. Сол үшін көрініс ғажайып әсер береді, - деді ол.
Айта кетейік, Маңғыстаудағы «жылы жағажайдың» инфрақұрылымына 72 млрд теңге бөлінді.

Өзгелердің жаңалығы