Маңғыстаудағы «жылы жағажайдың» инфрақұрылымына 72 млрд теңге бөлінді – Ниязов

5 Ақпан 2021, 16:37
1819
Бөлісу:
Маңғыстаудағы «жылы жағажайдың» инфрақұрылымына 72 млрд теңге бөлінді – Ниязов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов Бозжыра жобасы бойынша өткен қоғамдық тыңдау барысында айтты. 

Жиында Маңғыстау облысы Қарақия ауданындағы қонақ үй кешені жұмыс жобасының қоршаған ортаға әсерін бағалау мәселесі қаралды. 

2018 жылы 5 мемлекеттің кездескен саммиті кезінде Елбасы «Ақтау заманауи курорттық аймақ болуы керек» деген тапсырма берген. Сол тапсырмаға сәйкес, Үкіметтің қолдауымен 2019-2024 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама шықты. Сол бағдарламаға сәйкес, Маңғыстау облысы перспективалы туристік аймақтар қатарына енді. Яғни, ТОП ондықтың қатарына, - деді ол. 

Облыс әкімінің орынбасары 2020 жылдың қолдауымен 17 млрд теңге қаржы бөлінгенін айтты. 

Инфрақұрылымды дамытуға осы қаржы бөлінді. Соған байланысты су, газ, жол тарту жұмыстары жасалды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, биыл «жылы жағажайлар» BI Grouop, Sembol деген компаниялар үлкен құрылыс жұмыстарын бастайды. Оған Үкіметтің қолдауымен 72 млрд теңге қаржы бөлініп жатыр, - деді ол. 

Оның айтуынша, Маңғыстаудың жергілікті компаниялары бойынша 12 жоба бар. 

12 жобаның сомасы 400 млрд теңгені құрайды. Ол 2-3 жыл ішінде салынады. Оның ішінде теңіз жағалауынан бастап Бозжыраның аумағында қонақ үй салғысы келеді. Қараша айында сол әңгіме басталды. Оған қатысты пікір мен ұсыныстарға байланысты «Жабайұшқан» аумағында кешен салынбайды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы