Кентаулық жасөспірім 1 жыл бойы жинаған қаражатын Құлсарыға жіберді

30 Сәуір 2024, 19:52
418
Бөлісу:
Кентаулық жасөспірім 1 жыл бойы жинаған қаражатын Құлсарыға жіберді
Фото: скрин

Кентаулық жасөспірім 1 жыл бойы жинаған қаражатын Құлсарыға көмек ретінде жіберді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Гауһар Шәймерден өзінің 1 жыл бойы жинаған қаражатын көмек қабылдаушыларға табыс етті. Ақшамен қоса арнайы хат та жазып жіберген.

Мен сіздердің ауыр жағдайларыңызды көріп, қатты уайымдадым. Сіздер қазақтың батыр ұлдары мен қыздарысыздар. Сондықтан бұл қиындықтан аман-есен өтетіндіктеріңізге сенімдімін, – деп жазған жасөспірім.

Айта кетейік, Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында «Біз біргеміз» ұлттық телемарафоны алғаш рет 10 республикалық телеарнадан тікелей эфирде көрсетіліп жатыр. 5 сағаттық хабар су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтар және қызыл су зардабымен күрескен құтқарушылар, еріктілер, дәрігерлер, бейжай қалмаған тұрғындар жайлы болады.

Өзгелердің жаңалығы